Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматының бақылау бекетіндегі жантүршігерлік жол апаты: Қылмыскер сот залында соңғы сөзін айтты

Осы жылдың көктемінде Алматы блокпостындағы ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іске байланысты екі тарап қайта кездесті. Сотталушы 26 жастағы экс-полицей Азат Азаматов сот алдындағы соңғы сөзін айтты , деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

дтп

Алматы облысының Қарасай аудандық сотында экс-полицей Азат Азаматов сот алдындағы соңғы сөзін айтты. 

"Құрметті сот. Мен өз кінәмды толықтай мойындаймын. Қатты өкінемін. Иә, қателестім. Мұның бәрін қасақана жасаған жоқпын. Қайтыс болған адамдарды танымаймын. Өкінішті. Егер уақытты қайтаруға болатын болса, мен олармен бірге өлер едім. Бірақ бізді не күтіп тұрғанын ешкім білмейді және өз тағдырымыздан құтыла алмаймыз. Болған оқиға үшін кешірім сұраймын. Мен сабақ алдым", - деп түйіндеді Азаматов.

Сот процесі кезінде сөз сөйлеген мемлекеттік айыптаушы Арыстан Әлікенов соттан Азаматовты орташа қауіпсіздік мекемесінде 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ, прокурор сотталушыны көлік жүргізу құқығынан өмір бойы айыруды ұсынды.

Сонымен қатар, Азат Азаматов кәнісін мойындады және сәбиі бары аталып өтті. 

Естеріңізге сала кетейік, сот отырысының бірінші күні Азат Азаматов өз кінәсін толық мойындады. Ол ащы суға сылқия тойып алғанын, сондықтан апат болған сәт есінде жоқ екенін айтты. Оның айтуынша, жүргізуші өзіне тек ауруханада ғана келген.

Қаза тапқан полицейлердің бірінің жесірі Динара Аман апатқа кінәлі адамнан асыраушысынан айырылуына байланысты 36 миллион теңге талап етті. Алайда сотталушының адвокаты Марат Сұлтанбеков мұндай жағдайларда төлемдер мемлекет тарапынан қарастырылғанын мәлімдеді.

Еске салсақ, 25 мамырда таңертең Алматыдағы бақылау-өткізу бекетінде жантүршігерлік апат болды. Шетелдік көліктің жүргізушісі мас күйінде бақылау бекетін бұзып, полицияның қызметтік көлігін қағып кеткен. Белгілі болғандай ол бұрынғы құқық қорғау қызметкері болып  шықты. 

Талқылау