Алматыда жаңа сейсмикалық тексеріс жүргізіледі
Алматыда 2023-2024 жылы ғимараттарға жаңа сейсмикалық тексерік жүргізіледі деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты.
"Қала әкімі ретінде айтамын, барлық сейсмикалық талаптар сақталған. Бұл қалада сейсмозондылау жүргізілмеген бірде-бір орын жоқ. Абай даңғылынан жоғары барлығы 10 балл, одан төмен 10 және 9 балл", – деді Досаев.
Әкімнің сөзінше, 2017-2018 жылы Алматыда сейсмикалық аудит жүргізілген. Жаңа тексерістер 2023 жылдың екінші жартысында басталады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген