Алматыда ұсталған блогерлер 15 жылға дейін сотталмақ
Алматыда бопсалады деген күдікпен ұсталған екі блогер 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Алматы прокуратурасының мәліметінше, қазір қалалық ішкі істер басқармасы Қылмыстық кодекстің 194-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (Аса iрi мөлшерде қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.
Еске салайық, бап санкциясы мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда блогерлер ақша бопсалап, 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталған еді. Кейіннен ұсталған блогер Дамир Көшеевпен және Руслан Каримов туралы және олардың қандай контент түсіргені жайлы жаздық.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген