Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда вакцина салдырғандарға сыйлықтар таратылды

Алматыда бүгін вакцина алғандар арасында ұтыс ойыны ойнатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

2021 жылы 21 мамырда COVID-19 вакцинасының бірінші компонентін алатын қала тұрғындары үшін ұтыс ойыны ойнатылды. "Строй сити", "Ақбұлақ" сауда орталықтары мен "Жібек жолы" базарында коронавиурсқа қарсы вакцинаның алғашқы компонентін алғандар арасында ұтыс ойны өтті. Қатысушылардың ешқайсысы ұтыссыз қалмайды.

Шараны Алатау ауданының әкімдігі мен сол аудандағы медициналық мекемелер ұйымдастырды.

"Вакцина алушылардың "Спутник V" және "Hayat Vax" екпелерінің бірін таңдау мүмкіндігі бар. Акцияның басты мақсаты - пандемиямен күресу, халықты ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакцина алуға ынталандыру", - деді шараны ұйымдастуршылар

Айта кетейік, ұтыс сыйлықтары арасында шаңсорғыш, ыдыс жинағы, қысқа толқынды пеш, шаш кептіргіш және басқа да қажетті заттар бар.

Дидар Халық
Жұма, 21 Мамыр, 2021 21:12
Талқылау