Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда үшінші рет “Интернетті басқару жөніндегі Qazaqstan IGF 2025” атты ұлттық форум өтеді

Үшінші Qazaqstan IGF 2025: Интернетті басқару жөніндегі ұлттық форум, 2025 жылдың 15 қазанында, SmArtPoint IT-Hub алаңында өтеді. Жасанды интеллект технологиясының белсенді дамуы жағдайында, цифрлық орта мен интернетті реттеу мәселесіне айрықша назар аударылады. Бұл маңызды шара Қазақстанда ашық әрі қауіпсіз цифрлық кеңістікті қалыптастыруға ықпал етеді.

Интернетті басқару жөніндегі жаһандық форумның (The Internet Governance Forum, IGF) бір бөлігі ретінде IGF ұлттық бастамалары, әлемнің төрт құрлығындағы 106 елде БҰҰ Бас хатшылығының қолдауымен өткізіліп келеді.

Qazaqstan IGF – бұл мемлекеттік органдардың, жеке сектордың, азаматтық қоғам мен академиялық қауымдастықтың 200-ден астам өкілдері қатысатын, интернетті басқару және киберқауіпсіздікке байланысты кең ауқымды мәселелерді талқылауға арналған бірегей жыл сайынғы ұлттық форум.

Атап айтқанда, іс-шарада мынадай тақырыптар қамтылады:

• Тұрақты даму мақсатын (ТДМ) іске асыру құралы ретіндегі көпжақты интернетті басқару;

• Парламенттік бастама: Цифрлық кодекс жобасын оның авторларымен талқылау;

• Жасанды интеллектті тұрақты даму мақсатына қол жеткізу үшін жауапты пайдалану;

• Қазақстандағы цифрлық активтерді реттеу;

• CyberSafe for Women сессиясы;

• "2025 жыл Цифрлық құқықты сақтау рейтингі" нәтижесімен таныстыру;

• Қазақстандағы киберқауіпсіздік және басқа да тақырыптар.

"Цифрлық экономика үшін цифрлық мамандықтарды даярлау" сессиясы аясында академиялық орта өкілдері болашақ экономикаға қажет мамандарды даярлау мен цифрлық білім беру бағдарламасын дамыту мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар, сессия барысында Киберқұқық мектебі әзірлеген "Заңгерлерге арналған ЖИ" курсын ұсынады.

Qazaqstan IGF 2025 ұйымдастырушылары: "Eurasian Digital Foundation" қоры және "Қазақстанның Цифрлық Құқықтар Орталығы" заң фирмасы. Шара БҰҰ Бас хатшылығының ресми қолдауымен, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетімен, Maqsut Narikbayev University және "BlockchainKZ" қауымдастығымен әріптестікте өтеді.

IGF ұлттық бастамасы көпжақты диалогты дамытуға ықпал етеді және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсатына сәйкес келеді: №9 "Өнеркәсіп, инновациялар және инфрақұрылым", №16 "Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар" және №17 "Тұрақты дамуға бағытталған әріптестік".

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 17 Қыркүйек, 2025 14:17
Талқылау