Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш қабатты зәулім үйде қызмет көрсеткен: Алматыда тағы бір жезөкшелер притоны анықталды

Алматыда үш қабатты жезөкшелер үйі анықталды. Үйде 15 бөлме мен сауна бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

притон алматы

“Stop-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан боди массаж салонын анықтады. Үш қабатты коттеджде 15 бөлме мен сауна бар. Мекемедегі жұмыс барысын екі әкімші бақылап отырды.



“Әкімшілер мен салонда массажист болып жұмыс істейтін тағы 20 қыз ұсталды. Олардың жасы 20-28 жас аралығында. Бұл мекеменің “қызметкерлері” Қазақстанның басқа аймақтарынан келген қонақтар. Олардың жеке басы басқа да бір құқық бұзушылыққа қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр. Медеу аудандық полиция Басқармасымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 450-бабына сәйкес әкімшілік іс материалдары жинақталды. Көрсетілген салонның иесі де анықталды. Ол 34 жастағы Ж. есімді азамат болып шықты. Ол да жауапқа тартылды”, – деді Алматы қалалық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

Талқылау