Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында үш ер адам жезөкшелікпен айналысқан

Қызылорда облысында "Stop-трафик" жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында жезөкшелікпен айналысқан ер адамдар анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап. 

жезөкше

Қызылорда облысы полиция департаменті аймақта адам саудасына қатысты 4 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. Олардың 1-і – жезөкшелікпен айналысуға тарту, 3-і – жеңгетайлық деректері. 

Рейд шаралары кезінде қоғамдық орында азғындық әрекеттер жасағаны үшін 43 құқық бұзушыға әкімшілік хаттама толтырылды. 
Сонымен қатар 4 азамат жезөкшелікпен айналысуға арналған нысан ұсынғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. 

Бұдан бөлек 11 адам есепке қойылды: 1-і жеңгетайлық, өзгелері жезөкшелік үшін, олардың 3-і ер адамдар. Бұл бағытта профилактикалық жұмыстар жалғасып жатыр. 

Талқылау