Алматыда үш ер адам жасөспірімді есінен танғанша ұрып-соғып кеткен (видео)
Фото: Видеодан скрин
Алматыда үш ер адам жасөспірім мен оның ағасын соққыға жыққан. Ал полиция олардың біреуін ғана қолға түсірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Болған жайтты зардап шеккен жасөспірімнің анасы Сымбат Арғынова баяндап берді. Оның айтуынша, оқиға 15 желтоқсаннан 16-сына қараған түні Төле би көшесінің бойында орналасқан жанармай бекетінде болған.
“Зардап шеккендер – інім мен 15 жастағы ұлым. Олар досын күтіп алуға шыққан еді. Жанармай бекетіне келген соң ұлым көлік ішінде қалған. Ол ағасы мен оның досын күтіп отырған кезде, сыртта жанжал басталған. Балам не болып жатқанын көру үшін көліктен шыққан кезде оны да соққыға жыққан. Ұлымды жұлқып, есінен танғанша ұрып-соғып кеткен. Полицияға арыз түсірдік. Күдіктілердің бірін ғана қамауға алынды. Негізі үш адам еді. Алайда қазір ол бостандықта жүр. Ол адам полиция бөлімшесінде ұлымды балағаттап, кейін ұстап аламын деп қорқытқан”, – дейді жәбірленушінің анасы.
Ақтөбе облысында сот 9-сынып оқушысының өліміне себеп болған жасөспірімдердің жазасын жеңілдетті
"Қолын тіліп, жазу жазған": Ақтауда жасөспірімдер оқушы қызды қорлап, зорлады деп айыпталды
Әйелдің сөзінше, ұлы ауруханада жатқан кезде күдіктілер тарапынан ешкім келіп кешірім сұрамапты.
“Ұлымның миы шайқалып, жағы шыққан. Қазір жақ тістерін емдетіп жатырмын. Ұлымды психотерапевтке қаратуым керек. Себебі, қатты қорқып қалған, “ұрып жатқан кезде өліп қаламын ба деп қорықтым” деп жылап айтады”, – дейді жәбірленушінің анасы.
Жәбірленушінің анасы енді кінәлілердің жазалануын талап етіп отыр.
Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі Алматы қалалық полиция департаментінен мән-жайды сұрады. Полиция қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
“Әуезов аудандық полиция департаментінде аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Адамға дене жарақаттарын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында жасөспірімді өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу дерегі бойынша іс алғаш рет сотқа жеткені туралы жазған едік.
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті