Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда үш автобус соқтығысып қалды

Алматыдағы Райымбек даңғылында бірден үш автобус соқтығысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, YUTONG BUS маркалы автобус жүргізушісі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып қашықтықты сақтамау салдарынан алдынан келе жатқан SAZ автобусымен соқтығысқан. Соққы тиген SAZ автобусы сол бағытта келе жатқан үшінші YUTONG автобусымен соқтығысқан.

"Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Аталған факт бойынша Әуезов аудандық полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр", – деді Алматы қалалық ІІД Тергеу басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

 

Айнұр Мұхади
Жұма, 11 Ақпан, 2022 15:15
Талқылау