Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тұрғындар қоғамдық көліктердің тапшылығана шағымдануда

Алматы тұрғындары қоғамдық көліктердің жеткіліксіз екеніне шағымдануда. Ақпан айының басында қалалық мобилділік департаменті автобутардың тұрақтары жақын арада жаңартылатынын айтқан. Алайда барлық мәлімдемелер тек қағаз жүзінде қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

Абай даңғылы оннан астам автобус және троллейбус бағыттары бар қаланың басты магистральдарының бірі. Дегенмен көше бойындағы қоғамдық көлік аялдамалары ешқашан бос болмайды. Халық 128-ші автобуспен және 25-ші троллейбуспен емін-еркін жүру мүмкін емес деп шағымдануда. Бұл әсіресе адамдардың жұмыс пен сабақтан қайтаттын қызу қозғалыс уақытында қиын. 

Алматының тағы бір басты көшесі Сейфуллин даңғылында да жағдай осындай. Диаграммада оның қозғалыс аралығы 10 минут болса да кешкі 6-дан кейін 30-шы бағыттағы автобусты күту үшін 40 минуттай уақыт кетеді. . Жолаушылар кейде автобусты бір сағаттай күтетінін айтады. Құзырлы мекемелер басты себетің көлік кептелісі екенін айтады. Бірақ қоғамдық көліктер жеткіліксіз екені де жасырын емес.

“Жалпы қалада тапшылық бар. Қазір елдегі экономикалық жағдай қиын. Алматыға қала маңындағы тұрғындар жұмыс істеуге келеді. Әрине қалалық  басқарма автобус алу үшін барлық шараларды қолданып жатыр. Бірақ олар соңғы кездері біз көріп отырған халық санының өсу қарқынына ілеспеуде. Сондықтан автобустар тапшы”,-деді "Алматыэлектротранс" АҚ баспасөз қызметінің өкілі Жанна Нұрсейітова.

Тағы бір мәселе тасымалдаушы компания өкілдері көптеген жолаушылардың қоғамдық көлікте жол ақысын төлемейтінін айтады.

“Қалалық мобилділік басқармасы маршруттағы автобустар санын бірнеше факторларға байланысты санайды. Осы факторлардың бірі төлемді есептеу. Яғни "Оңайдың" хабарлауынша орташа жолаушылардың 30 пайызға жуығы тығылып тегін жүретінін білеміз. Бұл да үлкен мәселе. Біз қазірдің өзінде есептедік, қала халқының 30 пайызға жуығы төлемесе, қала маңындағы маршруттарда 70 пайызға жуық адам жол ақысынсыз жүреді”,-деді Жанна Нұрсейтова. 

Бүгінде Алматыда 20-дан астам жолаушылар көлігі кәсіпорны жұмыс істейді. Соңғы рет қалаға жаңа автобустар 2019 жылы келген. Ақпан айының басында қалалық мобилділік басқармасы автопарктың жақын арада жаңартылатынын хабарлады. Бірақ әзірге бұл мәселені шешуде оң қарқын байқалмайды.

Талқылау