Алматыда толық локдаун қашан енгізіледі
Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада қандай жағдайда толық локдаун енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгін біздің кездесуіміз (локдаунға) жол бермеу үшін жасалды. Бүгін біз төсек-орындардың санына қараймыз, қазір олардың 50 пайыздан азы бос емес, көріп отырғандарыңыздай, төсектер жеткілікті. Бізде әлі де 4000-ға жуық төсек-орын қоры бар, оларды қажет жағдайда тарта аламыз. Біздің міндетіміз - барлық деңгейде медициналық көмек көрсете алуымыз үшін денсаулық сақтау жүйесінің күйреуін болдырмау.
Тәулігіне 500-ден аса пациент ауруханаға жатса, толық локдаун мәселесі қаралады", - деді Бекшин.
Бұған дейін Жандарбек Бекшин онлайн брифинг кезінде қаладағы карантин шаралары күшейтілетінін мәлімдеді.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен
