Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тестілеуге келген комиссия мүшелеріне аста-төк дастархан жайылып, ішімдік қойылған

Ұлттық бірыңғай тестілеу жұмысын бақылауға келгендер жайылған дастарханға отырамын деп пәлеге қалды. Алматыдағы әріптестері оларды аста-төк дастархан жайып қарсы алған. Мұндай жағдай Алматы қаласы мен Жамбыл облысында орын алыпты.

Алматыда тестілуге келген комиссия мүшелеріне аста-төк дастархан жайылып, ішімдік қойылған

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап хабарлайды. 

Комиссия мүшелерін Алматыдағы әріптестері ішімдікті суша құйып, аста-төк дастархан жайып тұрып қарсы алған. Қазіргі уақытта деректер жиналып, тергелу үстінде.

Министрлік комиссиясының ішкен асын, жалдаған бөлмелерін төлеп беру үшін ақша жинаған Ақтөбедегі Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары істі болды. Қандыағаштағы мектеп директоры да күдікке ілінді. Екеулеп 540 мың теңге жинапты. Жамбылда да жауапты тұлғаларға қатысты тексеру жұмыстары басталған. 

«Жамбыл облысында жергілікті филиалдың жетекшісі комиссия мүшелеріне арнап 25 адамға арналған мейрамханада ішімдік қосылған керемет кешкі ас ұйымдастырған екен»,- дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры Арман Бердалин.

Талқылау