AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда такси жүргізушісі скотчтың көмегімен бейнебақылау жүйесін алдамақ болған

Алматыда такси жүргізушісі скотчтың көмегімен бейнебақылау жүйесін алдамақ болған. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы әкімшілік полициясының мәліметінше, өрескел құқықбұзушылықты "Қорғау – қауіпті жүргізуші" автоматтандырылған жүйесі анықтаған.

"Мегаполисте жалған мемлекеттік нөмірлік белгілерді пайдаланатын, автокөліктерге арнайы сигнал беру құрылғыларын орнататын көлік құралдарының жүргізушілерін, сондай-ақ мас күйде көлік құралдарын басқаратын адамдарды жауапқа тарту бойынша мақсатты жұмыстар жалғасып жатыр. Осындай рейдтерді өткізу барысында "НЕ" сериясындағы "Е" әрпінің төменгі бөлігін скотчтап, нәтижесінде "НF" нөмірімен жүрген таксопарктердің бірінің жүргізушісі ұсталды. Такси жүргізушісі осы арқылы қаланың бейнебақылау жүйелерінің назарынан тыс қалуға және жол ережесі бұзғаны үшін жазадан жалтармақ болғанын мойындады. Оның көлігі айып тұрағына қойылды. Таксопарк қызметкеріне әкімшілік шара қолданылды", – деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Нұрлан Аманбек.

Сонымен қатар, осы күндері жолдарда жалған мемлекеттік тіркеу белгілері бар тағы екі автокөлік ұсталды. "Тойота Виндом" іс жүзінде Қырғызстан Республикасында тіркелген.



Жол-көлік ережесін бұзғаны үшін айыппұл сомасы 456 мың теңгеден асады. Ал "Фольксваген" автокөлігі қолдан жасалған мемлекеттік нөмірмен жүрген. Оның жүргізушісі 251 мың 747 теңге көлемінде жол ережесін бұзған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр