Қазақстан таксопарктерін жүргізушілер үшін зейнетақы мен әлеуметтік аударымдар жасауға міндеттейді
Қазақстан билігі "Яндекс.Такси"-дің зейнетақы аударымдарына қатысты тәжірибесін зерттеуде. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова сенат кулуарында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ресейде ондай пилоттық жоба іске қосылып үлгерді. Платформа ("Яндекс.Такси") операторлары такси жүргізушілері үшін зейнетақы аударымдарын жасайды. Операторлар аударымдарды бағдарлама бойынша жұмыс істейтін қызметкерлердің ақысынан есептейді.
Кореяда мұндай бағдарлама жасақталуда, Қытайда да дәл сондай бар. Еуропада бастап кетті. Қазіргі кезде біз де олармен кездесіп, сөйлесіп, қарастыра бастадық. Бір шешімге келген соң, қосымша айтатын боламыз", - деді еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова сенат кулуарында.
Оның сөзіне сенсек, жалпы бұл іске асырылатын жұмыс.
"Өйткені әрбір жұмыс істейтін адам, оның ішінде такси жүргізушісі болсын, кез келген уақытта жұмыссыз қалуы мүмкін", - деді министр.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”