Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тағы да жер сілкінісі тіркелді

20 маусымда алматылықтар жер сілкінісін сезді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Астана уақыты бойынша 16 сағат 36 минутта жер сілкінісі тіркелді.

“Жер сілкінісінің ошағы Қытай және Қырғыстан аумағында. Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 335 км. жерде орналасқан. Есептік қарқындылығы: 2.0 балл”, – делінген хабарламада. 



Жер сілкінісі кезінде жасау керек қарапайым 10 қадам:

  1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
  3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
  4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
  5. Көп қабатты үйлерде тұратындар жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығуы керек;
  6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
  7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан  аулақ болыңыз;
  9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
  10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстанда болған жер сілкінісі Шымкент тұрғындарына сезілгені туралы жазған едік. 

Талқылау