Алматыда судья сот отырысынан кейін көз жұмды
Алматы қалалық сотының судьясы Біржан Кәрібжанов көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қаралы хабарды жоғарғы сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Елдос Жұмақсанов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Бүгін кешке сот отырысынан шыққаннан кейін досым және әріптесім Алматы қаласының судьясы Біржан Кәрібжанов есінен танып қалды. Өкінішке қарай, дәрігерлер оны құтқара алмады. Иманды болсын. Қазір не сезініп тұрғанымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Ол небәрі 50 жаста болатын", – деп жазды Жұмақанов.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”