Алматыда ірі гипермаркеттер мен сауда орталықтары тәулік бойы жұмыс істей ме? Бекшин жауап берді
Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада ірі гипермаркеттер мен сауда орталықтарын мереке алдында тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстыру мәселесі қаралып жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Онлайн-брифингте Жандарбек Бекшин Алматыда адамдардың көп жиналуын азайту үшін сауда орталықтары мен гипермаркеттердің жұмысын тәулік бойғы режимге көшіру мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.
"Біз мереке алдындағы қарбаласты білеміз, әйелдер бәріне үлгеруге тырысады, ерлері сыйлық алуға асығады. Осылай адамдар сауда орындарына көп жиналады. Мәселен, егер гипермаркеттердің жұмысын тәулік бойы жасайтын болсақ, онда бұл жағдайға қалай әсер етеді. Үйге кеш оралғандар азық-түлікті дәл сол уақытта барып ала алады. Бұның да өз пайдасы бар. Сондықтан бұл мәселе тек Астанада ғана емес, басқа өңірлерде де қаралып жатыр", - деді Жандарбек Бекшин.
Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтанда сауда орталықтары мен гипермаркеттер тәулік бойы жұмыс істейтіні туралы хабарлаған едік.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
