Сәтбаев университеті өз студенттеріне жатақхана жетпегеніне қарамастан, оны жекеменшік ЖОО-ға жалға берген
Фото: Akorda.kz
Алматы қаласы Түрксіб ауданының прокуратурасы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми-зерттеу техникалық университетінің мүлкін заңсыз иеліктен шығару фактісін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Прокуратура мәліметінше, тұрғын үй алаңының жетіспеушілігіне қарамастан, университеттің экс-басшылығы тиісті тендер ұйымдастырмай, жалпы ауданы 2500 м2 астам жатақхананы жеке ЖОО-ға заңсыз жалға, пайдалануға берген.
Біраз уақыттан кейін университет мәмілені жасау кезіндегі қолданыстағы заңнама талаптарын бұзып, үй-жайларды сатып алған. Жоғары оқу орнының жатақханасы өз мақсатына сай пайдаланылмай, әртүрлі бизнес саласында қызмет көрсету үшін жалға берілген.
Түрксіб аудандық прокуратурасының талап арызы негізінде және заңды күшіне енген сот шешімдерімен даулы әкімшілік ғимарат ұлттық университетке қайтарылды.
Айта кетейік, бұған дейін Назарбаевтың қызы мемлекетке Қазақстан-Британ техникалық университетін қайтарғаны туралы жазған едік.

Шымкенттік кәсіпкер Айгүл Орынбекті 10 миллион теңгеге алдап кетті деп айыптады: Бұл оқиға немен аяқталды?
