Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда оқушы қызды көлік қағып кетті

Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде оқушы қызды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық полицияның мәліметінше, оқиға 14 мамыр күні сағат 12.25 шамасында болған. "Субару" көлігінің жүргізушісі Масанчи көшесімен солтүстік бағытта, Жібек жолы көшесінің қиылысында жаяу жүргіншілер өткелінде келе жатып, 2010 жылы туған қызды қағып кеткен.



"Оқиға салдарынан қыз бала дене жарақатын алып, медициналық көмек алу үшін Алматы қаласының №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді.

Бұл фактіні Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері назарға алды", –деді Алматы қалалық полиция департаменті тергеу бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

 

 

Талқылау