Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Алматыда Наурыз мерекесіне байланысты көшелер уақытша жабылады

Алматыда Наурыз мейрамын атап өтуге дайындық және мерекелік іс-шараларды өткізу аясында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz 

Мәліметтерге сенсек, 19-23 наурыз аралығында Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі бөлігі жабылады.

Осыған байланысты, көрсетілген кезеңде 10 қоғамдық көлік бағытының қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізіледі.

Бұл №16, 37, 48, 126, 201, 205, 206, 209, 210 және 224 бағыттары. Астана алаңын шығыс бағытында Қабанбай батыр көшесі арқылы, батыс бағытта Бөгенбай батыр көшесі арқылы айналып өтуге болады. Ал №16 және 126 бағыттар бұл аумақты Гоголь көшесі арқылы айналып өтеді.

Сонымен қатар 22 наурызда сағат 06:00-ден 11:30-ға дейін Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейінгі Абай даңғылы уақытша жабылады.



Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда Наурызға жаңа мән беріп, мерекені 10 күн бойы атап өту туралы шешім қабылданғанын жаздық. 

Айым Атамбаева
Сейсенбі, 18 Наурыз, 2025 10:46
Талқылау