Алматыда мотоциклмен соқтығысқан самокат жүргізушісі мерт болды
Алматыда самокат мен мотоцикл соқтығысып, салдарынан самокат тізгіндеген адам көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бүгін түнде сағат 00:20 шамасында Бостандық ауданында болды.
Кім екені анықталып жатқан 18-25 жастағы жігіт электросамокатпен Сейфуллин даңғылының бойымен солтүстікке қарай келе жатқан.
Кейін солға – Политехническая көшесіне бұрыла бергенде Сейфулин даңғылының бойымен оңтүстік бағытта қозғалып келе жатқан мотоциклға соғылды.
Салдарынан самокат жүргізушісі қайтыс болды, 1994 жылы туған мотоциклші қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды.
"Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.Тиісті сараптамалар тағайындалды", – деп хабарлады ведомство.
Талқылау

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр

"Қысқа мерзімді жеңілдіктер ұзақ мерзімді дағдарысқа ұласуы мүмкін": Сарапшылар Қазақстанда шұғыл енгізілетін шараларға қатысты пікір білдірді
Оның айтуынша, жаңа салық кодексінде әзірге айтарлықтай өзгеріс жоқ