Алматыда Медеуден түсіп келе жатқан велосипедшіні көлік қағып кетті
Видеодан скрин
Алматыда Медеуден төмен түсіп келе жатқан велосипедшіні көлік қағып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Велосипедші ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілді. Оның қабырғалары сынған, сондай-ақ ішкі ағзалары: өкпесі, бауыры, көкбауыры мен қуығы зақымданған.
Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 6 тамыз күні таңғы сағат 08:20-да Медеу ауданында болған.
Алматы облысында баланы көлікпен қағып, қашып кеткен бұрынғы полиция қызметкері ұсталды (видео)
"Toyota Camry көлігінің жүргізушісі Керей-Жәнібек хандар көшесімен оңтүстік бағытта қозғалып келе жатып, сол көшенің бойымен келе жатқан велосипедшіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедші түрлі дене жарақатын алды. Оқиға бойынша тергеу жұмыстарын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізді", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Жараланған ер адамның кәсіби триатлет және көптеген спорттық жарыстарға қатысқан спортшы екені белгілі болды.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда мопед жүргізушісі полицейді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен туралы жазған едік.

"Мықты еркек қана көп әйел ала алады": Тоқал болуға келіскен қазақстандық өмірінен сыр шертті
