Алматыда маскасыз жүргендерге айыппұл салынады - қала әкімідігі
Алматыда маска тақпаған тұрғындарға айыппұл салынатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов мәлім етті.
"Қалада толығымен маскалық режим жарияланған. Әзірше халыққа түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Маскалық режимнің маңыздылығы жоғары. Себебі, бұл инфекцияның одан әрі өршуіне кедергі келтіреді. Әсіресе автобустар мен халық көп шоғырланған жерлерде талап етіледі", - деді әкім орынбасары.
Бұған қоса ол ереже сақтамағандар қандай жауапкешлікке тартылатын жайлы айтып кетті.
"Қазір әкімдік өкілдері мен полиция қызметкерлері тиісті нұсқаулықтар алды. Эпимедиологиялық ахуал ушығатын болса, маска кимеген азаматтарға айыппұл салатын боламыз. Бұл жерде ҚР ӘқбК қолданатын боламыз", - деп қосты Қожағапанов.
Бұған дейін Алматыда карантинге карамастан Көкжайлауда сауық кешін ұйымдастырғандар жайлы айтылған еді.