Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бетперде тақпағандарға айыппұл салынып жатыр

Алматыда автобустарда бетперде тақпағаны үшін 30-ға жуық адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматыда ағымдағы жылдың 12 тамызында мониторинг топтары қоғамдық көліктегі карантиндік режимді сақтау бойынша көшпелі іс-шаралар ұйымдастырды. Бір тәулік ішінде 91 автобус тексерілді.

Алматы қаласының қоғамдық көліктерінде маска режимін сақтамаған 27 жеке тұлғаға ҚР ӘқбК-нің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын өздерінің және айналасындағылардың денсаулығын сақтау үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң ұстануға шақырады. Барлық қала тұрғындарына нұсқаулар берілді: маска режимін сақтау, мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын жерлерге бармаған жөн.

Дана Русланқызы
Жұма, 13 Тамыз, 2021 10:43
Талқылау