Алматыда курьер пышақ сермеп, адамдарға сес көрсеткен
Алматыда тамақ жеткізушінің қатысуымен жанжал орын алды. Оқиға видеоға түсіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скриншот
Кадрлардан екі ер адамның жанжалдасып жатқанын көруге болады. Бірақ бірі пышақ ұстаса, екіншісі бау-бақша құралымен қаруланған. Даудың себебі белгісіз.
Полиция департменті аталған жағдайдан кейін 1992 жылы туған П. есімді азаматтың ұсталғанын мәлімдеді. Бұл дерек Бостандық аудандық полиция басқармасында тіркеліп, Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бабымен тергеліп жатыр.
"Пышақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалына қосылды. Қазір оқиғаның өзге де мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары жүріп жатыр", – делінген Алматы полиция департаментінің хабарламасында.
Әлеуметтік желідегі мәліметке сәйкес курьер иттен қорққан соң пышақ алып шығып, адамдарға сес көрсеткен.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ