Алматыда Қазақстан тарихындағы ең ірі кокаин партиясы тәркіленді

Видеодан скрин
Қазақстан ҰҚК кокаинды контрабандалық жолмен тасымалдаудың халықаралық арнасын жойғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Алматы қаласында республика тарихындағы ең ірі бір реттік cалмағы 13 тонна 183 килограмм кокаин есірткі затының партиясы тәркіленді. Бұл жүк Қазақстан арқылы үшінші елдерге транзит жасалуы керек болған”, – делінген хабарламада.
Есірткі арнасын ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен екі шетелдік азамат ұсталып, қамауға алынды.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген