Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қару-жарақ дүкенін тонаған тағы екі адам ұсталды

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде "Камерад" қару-жарақ дүкенін тонаған тағы екі қатысушы ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, Алматы облысының екі тұрғыны 6 қаңтарға қараған түні "Камерад" қару-жарақ дүкенін тонап, одан бес тегіс ұңғылы мылтық, патрондар мен оқ өтпейтін кеудешелерді ұрлап кеткен.

"Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақты заттар алынды. Ұсталғандардың басқа да қылмыстарға, соның ішінде жаппай тәртіпсіздік кезінде орын алған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Қылмыстық іс ҚР ҚК 291-бабының 3-бөлігі бойынша тергелуде", - деді Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Күдіктілердің бірінің бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотты болғаны атап өтілді.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 24 Наурыз, 2022 18:17
Талқылау