Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда караоке-барлар мен түнгі клубтар карантин кезінде жұмыс істеп тұрған

Алматыда карантиндік шараларды сақтамаған 390 кәсіпкерлік субъектілері анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

8-20 қазан аралығында 1709 кәсіпкерлік субъектілері тексерілді, 390 карантиндік бұзушылықтар анықталды. Ереже бұзған ойын-сауық мекемелері, кафелер, мейрамханалар, түнгі клубтар, массаж салондары, караоке-клубтар мен сауналар анықталды.

"Алматыда екі аптадан аз уақыт ішінде маска режимін бұзған 90 жеке тұлға, кәсіпкерлік субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, рұқсат етілмеген уақытта жұмыс істегендер қатары көп болды. Бұл карантиндік шараларды қасақана бұзу болып саналады. Естеріңізге сала кетейін, азаматтар мұндай бұзушылықтар туралы полиция қызметкерлеріне Facebook парақшасында хабарлай алады. Карантин аяқталғанға дейін біз бұл жұмысты жалғастырамыз", - деді Алматы қаласы жергілікті полиция бөлімінің бастығы Манап Саттаров.

Қалаға кәсіпкерлік субъектілері арасындағы заң бұзушылықтарды анықтау үшін 26 бақылау тобы жұмыс істейді.

Талқылау