Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда карантин алынғаннан кейін ауа қайта ластанды

Алматыда карантин аяқталғаннан кейін ауа қайтадан ластанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Алматы смог

Елімізде карантин жарияланып, төтенше жағдайлар басталғаннан кейін қаладағы көлік саны азайған. Осылайша, Алматыда ауаның ластануының негізгі себептерін анықтайтын ерекше мүмкіндік болды.

Мамандар ауаға зиянды газ бөлетін негізгі үш факторды атап отыр. Олар өнеркәсіп орындары, көлік және жеке сектор. Экология департаментінің мәліметінше өткен жылмен салыстырғанда соңғы айларда ауа айтарлықтай тазарған.



Десе де, карантиннен соң баяғы қалпына қайта түскен. «Қазгидромет» қызметкерлері жүргізген мониторинг нәтижесінде тамыз айында шекті нормадан асып кетудің 83 оқиғасы тіркелсе, бұл көрсеткіш қыркүйек айының басында 200-ден асып кеткен

"Қазір карантин шарасы аяқталғаннан кейін қайтадан екіден бес есеге артып отыр. Автокөліктерден шығатын зиянды заттардың үлесі 60 пайызды құрап отыр", - дейді қалалық экология департаментінің инспекторы Дінмұхамед Лесбеков.

Еске салсақ, осыған дейін Алматының экологиясы жақсарғаны белгілі болған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр