Алматы облысында табиғат сақшысының браконьнерлікпен айналысқаны анықталды

Алматы облысында Қызыл кітапқа енгізілген қарақұйрықты атқан қорықшы ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

қорықшы

Polisia.kz ресурсының мәлімдеуінше, арнайы операция барысында криминалдық полиция заңсыз аң аулаған, сондай-ақ қару мен оның оқ-дәрілерін заңсыз сақтаған “К” есімді ұлттық табиғи саябақтың мемлекеттік инспекторын ұстады.

Сот санкциялаған тінту барысында полиция қызметкерлері азаматтан болжам бойынша Қызыл кітапқа енгізілген “Қарақұйрықтың” етін және тіркелмеген оқтары бар ойық атыс қаруының екі бірлігін тауып, тәркіледі.

“Ұсталған азамат өзінің жағдайына байланысты бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесін қорғауды қамтамасыз етуге, аң аулау ережелерін бұзудың жолын кесуге тиіс болатын. Алайда, оның орнына ол Ұлттық саябақтың аумағындағы ерекше қорғалатын аймақта жануарларды өлтірген. Осы ақпаратты алғаннан кейін жедел уәкілдер қадағалау жүргізіп, оның барлық заңсыз әрекеттерін дәлелдеді”, – деді Алматы облысы ПД тергеу басқармасының аға тергеушісі Ернар Қалтаев.

Күдікті уақытша қамауға алынып, сот-биологиялық сараптама тағайындалды.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр