Алматыда қаңтар оқиғасында зардап шеккен мүлік пен көлікке берілетін қаржы көлемі ұлғайды
Шағын және орта бизнес субъектілеріне мүліктік зиянды анықтау жөніндегі өңірлік комиссия отырысында кәсіпкерлердің жалпы сомасы 427 млн теңгеге 119 өтінім мақұлданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның ішінде 295,7 млн теңге сомаға 64 өтінім бюджет қаражаты есебінен, 131,3 млн теңгеге 55 өтінім "Жаңа Алатау" қайырымдылық қорының қаражатынан қаржыландырылды.
Сонымен қатар, Алматы Өңірлік комиссиясының бастамасымен ШОБ-қа келтірілген залалды өтеу тетігіне төлемдер бойынша неғұрлым тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін бірқатар өзгерістер енгізілді.
Осылайша, енді жеңілдетілген тәсіл бойынша жылжымайтын мүлік пен көлікке келтірілген залал үшін 10 млн теңгеге дейін (бұрын 5 млн теңгеге дейін) зақымдалған жабдыққа сомасы бойынша шектеусіз (бұрын 5 млн теңгеге дейін) өтемақы төленеді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”