Соңғы жаңалықтар

Алматыда қандай нысандардың қызметіне шектеу қойылды?

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысына сәйкес қалада қызметіне шектеу қойылған нысандардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жаңа бұйрыққа сәйкес мына орындардың қызметіне шектеу қойылыпты:

1) діни объектілер;

2) сауда-ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің, интернет және компьютер клубтарының, ойын орындарының, отбасы демалысы орталықтары мен адамдар көп жиналатын басқа да объектілері;

3) Қазақстан Республикасында өңірлер, қалалар, ауылдық мекендер арасында жолаушылар тасымалдайтын автовокзалдар, теміржол вокзалдары,автостанциялар;

4) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларына сәйкес қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, кофейня, кафе, банкет залдары, асхана, донер орындары, барлар. Онлайн тапсырыс қабылдайтын және жеткізетін ұйымдарды қоспағанда); 

5) түнгі клубтардың, кальян тарту орындары;

6) монша, сауна, СПА және массаж салондары;

7) білім беру орталықтарының, кружоктардың, артклубтардың, балалардың бос уақытын өткізу орындары және т.б.

8) меншік нысанына қарамастан балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер;

9) ойын-сауық объектілері (букмекерлік, бильярд, караоке, ps-клуб, квесттер, антикафе, боулинг-орталықтар және т.б.);

10) барлық меншік нысанындағы спорт объектілері (фитнес-, йога, бассейн, тир, ату және т.б.);

11) туризм объектілерімен халықтың мекендеу-тұруына қызмет көрсету саласындағы ұйымдар(қонақүй, отель, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.);

12) ауданы 500 кв.м-ден үлкен азық-түліктік емес дүкендердің, сауда (орталықтарының) үйлері;

13) азық-түліктік (ет сату павильондарын қоспағанда) және азық-түліктік емес (құрылыс базарларынан басқа) базарлар.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімдігі қалада мешіттер мен шіркеулер, қонақ үй мен дәмханалар 18 мамырда ашылмайтынын мәлімдеген еді.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр