Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда итті басып кеткен жол талғамайтын көлік жүргізушісі іздестірілуде

Алматыда полицейлер қала көшелерінің бірінде итті басып кеткен жол талғамайтын көлік жүргізушісін іздестіріп жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде оқиғаны көрсететін видео пайда болды.

"Джип жүргізушісі итті қағып, оның үстінен басып кеткен. Біз итті тауып, емханаға жеткіздік. Жағдайы өте ауыр. Иттің артқы аяғы зақымданып, омыртқасы жарақаттанды", – деп жазды еріктілер әлеуметтік желідегі парақшасында.

"Бұл факт бақылауға алынды! Алматы полиция департаменті құқық бұзушылыққа қатысы бар тұлғаны анықтап, жазадан бұлтартпау қағидатын жүзеге асыру үшін барлық шараларды қабылдайды. Қабылданған шаралардың нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады", - деп жауап берді Әбдірахманов.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 16 Наурыз, 2022 21:28
Талқылау