Алматыда ер адам қоғамдық көлікте жолаушылардың көзінше өзін-өзі қанағаттандырған (видео)
Фото: Видеодан скрин
Алматыда егде жастағы ер адам қоғамдық көлікте қыздарға қарап отырып, өзін-өзі қанағаттандырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 21 қыркүйек күні Алматыдағы 135-автобуста болған. Аталған жағдайды қала тұрғыны Threads парақшасында жариялады. Кадрлардан ер адамның автобус ішінде жолаушылардың көзінше оғаш тірлігін жасап отырғанын байқауға болады. Тіпті ол осы әрекетін сөмкесі арқылы жасырып отырған.
“Алматыда 135-автобуста мына шал 13 жасар қайын сіңілім мен басқа да құрдас қыздарға қарап отырып оғаш әрекетін жасап отыр”, – деп жазды ол.
Аталған жайдайға қатысты Stan.kz тілшісі Алматы қалалық полиция департаментінен мән-жайды сұрады. Олардың мәліметінше, ер адамның жеке басы анықталып, оны ұстау шаралары жүріп жатыр.
Астанаға бет алған пойызда ер адам жолаушыға қарап, өзін-өзі қанағаттандырған
“Аталған дерек бойынша жергілікті полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр. Ер адамның жеке басы анықталды. Енді оны ұстау және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тарту шаралары жүріп жатыр. Қоғамдық орындардағы мұндай әрекеттер тәртіпті өрескел бұзып, айналадағылардың қадір-қасиетін қорлайды. Біздің қаламызда мұндай әрекетке жол берілмейді. Алматы полициясы мұндай деректерге жүйелі түрде әрекет етеді және олардың жолын кесу шарасын қабылдайды”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ полиция азаматтардан осындай оқиға болса тез арада "102" телефонына қоңырау шалуды сұрады.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада тағы бір такси жүргізушісі көлік ішінде өз-өзін қанағаттандырғаны туралы жазған едік. Кейіннен такси жүргізушісі 15 тәулікке қамауға алыгнған.

"Баласы бар әйелге міндет арту – сауатсыздық": Қазақстандықтар сәбиі бар үйге қонаққа баратындарды сынады
