Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ер адам ақша төлеуді өтінген даяшыны балағаттап тастаған

Алматыда есепті төлеу туралы өтініш жасаған даяшыны балағаттаған адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Алматы қаласы полиция басқармасының орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлімдеді. 

Келушінің даяшыға дөрекілік көрсеткені анық байқалатын видео бірнеше күн бұрын желіде тараған.

"Біз тәртіп бұзушыларды тексеріп, анықтадық, олар 01.03.1982 ж.т. азамат И. және 08.08.1981 ж.т азамат Е. болып шықты", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов. 

Кафедегі жанжалға себепкер болғандардың бірі көпшіліктен кешірім сұрады. Бұл ретте Әбдірахманов кешірім сұрау ер адамды заңда көзделген жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті.

 

"Мен бәрінен кешірім сұрағым келеді. Бұл енді қайталанбайды", – дейді видеодағы ер адам.

 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 06 Қыркүйек, 2021 10:32
Талқылау