Алматыда электр энергиясынан соң жылу тарифтері де қымбаттамақ

Фото: Pexels.com
Алматыда электр энергиясының бағасынан кейін жылу тарифтері көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Алматы жылу желілері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Алтай Рахымбетов тариф өсетінін айтты. Ол бұл мәселе монополияға қарсы комитеттің қарауына жіберілетінін мәлімдеді. Сөзінше, қазіргі тариф компанияның шығынын өтемейді.
Қазақстандықтарға жылу үшін артық төленген 1,6 миллиард теңге қайтарылады
Қазақстандықтар жылу ақысына балкон үшін де қосып төлейді
"Сіздер білесіздер, стратегиялық тауардың құны өсті. Жылу үшін "Жылу станциясы" мен "Теплокоммунэнерго" тарифті көтерді, электр энергиясы да қымбаттады. Сондықтан біз бұл мәселені монополияға қарсы комитеттің қарауына жібереміз, содан кейін мәселе сонда шешіледі", – деді Рахымбетов.
Еске салсақ, Астанада да жылу үштен біріне қымбаттауы мүмкін.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген