Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Covid-19-ға қарсы вакциналар жұмыс жасамайтын тоңазытқышта сақталған

Алматыда Covid-19 вакциналары жұмыс жасамайтын мұздатқышта сақталған. Оқиға №27 емханада болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

вакцина

Ақпаратты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады.

"6 қыркүйек күні, таңертеңгі тексеру кезінде вакцинаны сақтауға арналған мұздатқыштағы температура 0°С екені анықталды. Тексеру барысында ұзартқыш кабельдің зақымданғаны белгілі болды. Мұздатқышта ол уақытта бірінші компоненттің 650 дозасы және екінші компоненттің 565 дозасы болған. Акт толтырылып, вакцинаның барлық дозалары айналымнан алынды", – деді Алматы қаласының әлеуметтік даму басқармасы.



Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне тиісті хабарлама жіберілгенін атап өтті.

"Кінәлі адамдар жұмыстан шеттетілді. Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен ДСЭК вакцинация пункттерінің суық тізбекке сәйкестігін күн сайын тексереді", – деп қосты қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Басқарма сонымен қатар жұмыс істемейтін мұздатқыштарда "Спутник V" вакцинасы сақталғанын айтты. Бұл екпелер ешкімге салынбаған деп сендірді.

Талқылау