Бір күнде үш рет жол апатына ұшыраған: Алматыда көлік жарылып, бір адам өлім құшты
Алматы қаласы Бостандық ауданы Экспериментальная база көшесінде адам өлімі орын алды. Куәгерлердің сөзінше, Peugeot көлігі үш рет жол апатына түсіп, үшінші жол-көлік оқиғасында қатты зардап нәтижесінде көлік жүргізушісі көз жұмған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Куәгерлердің сөзінше, Peugeot автокөлігі осы көшеде жоғары жылдамдықпен солтүстік бағытта келе жатқан. Белгісіз себептермен жүргізуші жол жиегіне шығып, шағын аллеядан өтіп, бетон қабырғасын бұзып, одан ұшып кетіп, газ құбырына соғылған.
Содан кейін жарылыс орын алып, машина толығымен жанып кетіп, көлік ішінде адам опат болған.
Оқиға орнына келген куәгер осы көліктің Мақатаев көшесінде Назарбаев пен Панфилов көшелерінің арасындағы жол-көлік оқиғасына түсіп, оқиға орнынан қашып кеткенін айтады, Онымен қоса көлік Ремизовка мен Әл-Фараби көшелерінің қиылысында тағы бір апатқа ұшырап, ол жерде де оқиға орнынан ізін суытқан. Түнде орын алған үшінші апатта жарылыс болған.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ