Алматыда базарда жолаушылар автобусы өртеніп кетті (видео)
Алматыдағы "Жетісу" базарында жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнынан түсірілген фотолар мен бейнежазбалардың авторлары авторбустың 4 сәуірге қараған түні "Жетісу" базарының маңында өртенгенін жазған.
Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші салонды тазалау үшін тоқтаған, сол кезде автобус өртеніп кеткен. Кадрлардан автобустың артқы жағы қозғалтқыш бөлігімен бірге жанып кеткені көрінеді.
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 3 сәуірде сағат 23:10-да "Қайрат" шағын ауданында 2018 жылғы "Лиаз-529265" маркалы 125 бағыттағы автобустың өртеніп кеткенін растады.
Алғашында сегіз адамнан тұратын топ 23:16-да келді. Өрт сағат 23:19-да оқшауланып, үш минуттан кейін жойылды. Сөндіруге барлығы алты минут кетті.
Алматы ТЖД көлік құралдарындағы от тез таралып, тек 2-3 минут ішінде толығымен жанып кететінін ескертті. Осыған байланысты жолаушылар өрттің алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу есіктерден немесе қосалқы шығу жолдарымен сыртқа шығып кетуі керек.
Айта кетейік, автобус "Алматыэлектротранс" коммуналдық паркіне тиесілі. Автотұрақтағы өрттің шығу себебі хабарланбады.