Алматыда басқарма басшысы қаңтар оқиғасы кезінде алған жарақатына байланысты қызметінен кетті
Рүстем Байсейітов Алматы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Әжептәуір уақыт өтсе де, жарақатым әлі күнге дейін қатты мазалайды. Жұмыс істеу қабілеті қалпына келген жоқ. Оңалтудың толық курсынан өтіп, білектің қимыл белсенділігін қалпына келтіру қажет болғандықтан, мен қызметтен кету туралы шешім қабылдадым", – деп жазды Байсейітов әлеуметтік желіде.
Ол спорт оның өмірінде ерекше орын алатынын және оңалтудан кейін жұмысқа "басқа перспективалармен" оралатынын атап өтті.
Еске салсақ, қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Алматы әкімінің кортежіне оқ жаудырды. Салдарынан "Алматы" телеарнасының жүргізушісі көз жұмды. Сондай-ақ қалалық спорт басқармасының басшысы, дін басқармасының басшысы, "Алматы" телеарнасының операторы мен әкімнің жүргізушісі жараланды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”