AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда балалар уланған қонақүй тексерілді

Алматыда "Түркістан" қонақүйінде 18 бала химиялық заттан уланды. Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ведомствоның мәліметінше, 11 шілдеде таңғы сағат 04:50-де қалалық төтенше жағдайлар департаментінен шұғыл хабарлама түскен. Түнде қонақүйдің 407 бөлме мен 4 қабаттың дәлізінде жәндіктерден дезинфекциялық өңдеу жүргізілгені белгілі болды.

"Сағат 08:40-та Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен Ұлттық сараптама орталығы филалының мамандары 407, 409, 417 қонақүй нөмірлерінде және 4 қабат дәлізінде ауадағы формальдегид, дегидросульфид, аммиак, хлорсутегі және хлордың концентрациясын анықтауға зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізді. Нәтижесінде шекті аталған заттардың нормалардан асу жағдайы анықталған жоқ", – деп хабарлады қалалық санитарлық-эпидемиологиялықбақылау департаментінен.

Барлық зардап шеккендерге дер кезінде медициналық көмек көрсетілді. Денсаулықтары жақсаруына байланысты зардап шеккен 13 бала мен 1 жасөспірім сол күні таңғы сағат 09:30-да Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығынан шығарылды. Тағы төрт баланың жағдайы ауыр деп бағаланды. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінгі күні балалардың жағдайы тұрақты.

"Департамент маманы балалар зардап шеккен қонақүйден оларды көшіруді ұйымдастырды. Сондай-ақ, Павлодар қаласынан келген зардап шеккен балалардың ата-аналарын орналастыруға көмек көрсетті", - деп атап өтті ведомство.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда балалардың химиялық заттан уланғаны жайлы айтылған еді. Қазіргі таңда бабалардың улануы бойынша Алматы қалалық ПД тергеу жұмыстарын бастап кеткен. Егер жауаптылардың кінәсі дәлелденсе, олар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр