Алматыда балабақшадан бүлдіршінді ұрламақ болған тәрбиеші сотталды
Алматыда мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілерінің бірін ұрлауға әрекет жасады деген күдікпен ұсталған тәрбиешіге үкім шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Тергеушілердің айтуынша, балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеген әйел 5 жасар баланы ұрлап әкетуге тырысқан, содан кейін ата-анасынан төлем талап етпек болған.
Сотталушы Саягүл Жаналықтың екі бап бойынша, «Қылмысқа дайындалу және қылмысқа әрекет жасау» және «Адам ұрлау» бабы бойынша айыпты деп танылды.
Бұл әрекеті үшін сот оны 6 жылға бас бостандығынан айырды.
Тапа-тал түсте келіп 5 жастағы баланы ұрлап кетпек болған оқиға бүкіл алматылықтарды дүр сілкіндірген болатын. Ал, бейтаныс әйелге бүлдіршінді алып кетуге жол бермеген қырағы тәрбиеші, күдікті келіншектің өз әріптесі екенін тіпті білмей қалғанан айтады. Түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындар алып жүрген ол үлгілі тәрбиешілердің бірі болған екен.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан