Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда автобуста ұрлық жасаған үш әйел ұсталды

Алматыда қоғамдық көлікте тұрғындардың қалтасын қаққан үш әйел ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап. 

ұрылар ұсталды

Күдіктілер №85 бағыттағы қоғамдық көлікте жасалған қылмыстан кейін ұсталды. Олар жолаушының қалтасынан құжаттары мен ақшасы салынған әмиянды суырып алған. 

“Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер – 1989 жылы туған К.есімді азаматша, 1989 жылы туған В. есімді азаматша және 2000 жылғы В. есімді азаматша. Олар Алматы облысының тұрғындары. Қазір ұсталған адамдардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді”, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Ұсталған үш әйелдің екеуі бұрын да бірнеше рет қалта ұрлығы бойынша сотты болған. Қазір олардың басқа да ұрлықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Талқылау