Алматыда автобуста ер адам жолаушыларды пышақпен қорқытты (видео)
Алматыда ер адам жолаушыларды пышақпен қорқытты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Куәгердің айтуынша, оқиға 30 тамыз күні №135 автобуста болған. Ер адам басқа жолаушымен төбелесіп, пышағын суырып алып, адамдарды қорқыта бастаған. Автобус жолаушылары болған оқиғадан қатты шошынған. Олар жүргізушіге есікті аш деп айқайлайды. Аялдамаға келгенде ер адам қоғамдық көліктен түсіп қалған.
Алматы қалалық полиция департаменті бұл факті бойынша Әуезов ауданының полиция бөлімі тексеріп жатқанын хабарлады.
"Оқиғаға қатысы бар тұлға анықталды, оны ұстау шаралары жүргізілуде. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады. Оның әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі" - деді Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ