Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда автобус тұрақта тұрған көліктерді басып өтті (видео)

Алматыда автобус жол бойында тұрған екі көлікті қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жол апаты 20 қазанда таңғы сағат 5.50-де болған. Полицияның мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

"1982 жылы туылған жүргізуші автобусты басқарып, Мустафин көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Орбита-1 шағын ауданындағы 21 үйге қарама-қарсы бағытта келе жатып, тоқтаған кезде жол бойында тұрақта тұрған көліктерді қағып кетті. Бұл факт бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімінде тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Апаттың нәтижесі туралы видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр