AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы емделушісі атып өлтірген Юрий Шумковтың жесірі дәрігерлерді қорғау қорын құратынын айтты

Алматылық танымал дәрігер Юрий Шумковты 4 сәуір күні өлтіріп кетті. Бұл ақпарат бүкіл Қазақстанды шарлап, естіген адамның жағасын ұстатқан еді. Дәрігерді өлтірді деген күдікті бірнеше сағаттан кейін қолға түсті. Күдіктінің мұндай әрекетке не себепті барғаны белгісіз, жауапты тергеу амалдары айтады. Тек 35 жастағы азаматтың ауырып, Шумковтың қабылдауына бірнеше рет келгені белгілі. Дәрігердің артында қалған жары сұхбат беріп, күйеуінің қазасынан кейінгі өмірі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мамыр айының ортасында дәрігерді өлтірген күдіктінің анасы журналистерге жауап беріп, тергеуде отырған баласының жағдайы нашар екенін, ал денсаулығы күннен күнге сыр беріп жатқанын айтқан. Баласын жақтаған анасының сөзінше, Юрий Шумковтың қабылдауында болған ер адамның көмейі жарақаттанып, тамақ іше алмай 30 кг салмақ тастаған. Ол ұлының қылмыс жасағанын мойындағанымен, бұл әрекетке күйзелістің салдарынан барды деп ақтаған. 

Шумковтың әйелі дәрігер кардиолог Әсел Исабекова бұл сөздердің жалған екенін айтып, марқұм күйеуінің атын қаралауға жол бермейтінін айтады.

"Мен күйеуімді өлтірген адамның анасының БАҚ беттеріндегі мәлімдемелерінен кейін үндемей қалуды жөн көрмедім. Кінәсіз жанды жамандап, қылмыскерді ақтау үшін жалған ақпарат беруге болмайды деп есептеймін. Ол фиброгастродуоденоскопия (өңеш, асқазан және аш ішектің басын зерттеу – ред.) кезінде ұлының көмейі зақымданғанын айтады, тіпті бұл сөзге сеніп қалғандар да бар. Ал Юрий Петрович – жоғары деңгейдегі дәрігер эндоскопист. Көмей, ал оның анатомиялық орналасуын ескере отырып, өңешпен байланыста болмайды және тек сыртқы әсерлерден зақымдалуы мүмкін. Зақым соққыдан, жарақаттан немесе басқа нәрседен болғанын тергеу анықтайды", – дейді марқұмның әйелі.

Исабекова күйеуіне келетін емделушілердің көп екенін айтып, өзін өлтірген азамат туралы бұрын мүлдем айтпағанын жеткізді. Сондай-ақ күдіктінің күйеуіне оқ атпас бұрын, оның ізінен аңдып жүргенін де жоққа шығарды.



"Әдетте ол тек жағдайы қиын болып түскен, көтеріп немесе зембілге салып әкеліп, біраз күннен кейін ешкімнің көмегінсіз келетін адамдар туралы ғана айтатын. Бұл бөлек кәсіби мақтаныш еді", – дейді ол.

Исабекова күйеуін атып өлтірген күннің қалай басталғаны туралы айтты.  4 сәуір күні ол жұмысқа күйеуінен бұрын шығып кеткен.

"Жұмысқа жеткен соң хат жазып жібердім. Ол маған жауап қайырды. Кейінірек маған күйеуім жұмыс істейтін клиникадан хабарласып, оның жұмыс орнына келмегенін, ал өзімен байланыса алмай жатқанын айтты. Мен де дереу телефон шалдым, бірақ нәтижесіз болды. Сол күні ауырып үйде қалған ұлыма хабарласып, автотұраққа түсіп, онда не болып жатқанын білуді сұрадым. Ұлыма барған кезде, оны кіргізбеген, аумақты қоршап, полиция жұмыс жасап жатқан еді. Телефонды алған полицейдің "Жетіңіз!" деген сөзінен кейін жұмыстан үйге қарай асықтым. "Тірі ме?" деп едім "Жоқ" деді, сонымен болды. Юраны атып тастағаны туралы оқиға орнына келгенде бір-ақ білдім", – деп түсіндірді әйел.

Исабекова күйеуінің қазасынан кейін дүние құлазып, бәрінің күл-талқан болғанын еске алады. Тек достарының, ұжымдастарының және нағыз жанашыр емделушілерінің жылы сөздері мен қолдауының арқасында еңсере алғанын айтады. 

"Күйеуіммен қоштасу үшін келген емделушілердің санында шек болмады. Бір науқастың баласы: "Егер мен келіп, оның атынан көңіл айтпасам, анам үйге кіргізбей қояды", – деді. Юра – бірінші кезекте нағыз дәрігер. Ол әрқашан көмек сұрап келген адамның мүддесін жоғары қояды",  – деп жалғады ол.

Әйел осы оқиғадан кейін күйеуінің ғана емес бүкіл дәрігерлерге қорған болуы керек екенін айтады. Юрий Шумков атындағы коммерциялық емес қоғамдық қор ашып жатқанын айтқан ол, дәрігерлердің қорғанысына көңіл бөлінгенін қалайтынын жеткізді.

"Юра ең керемет адам еді, мен оны жақсы көремін және онымен бірге құрған тамаша отбасы үшін алғыс айтамын. Мейірімді, адал, ақылды, шынайы, шыншыл, қамқор, қамқор, ең жақсы әке. Біз бірге 19 жыл тұрдық. Ары қарай да өмір сүруге мүмкіндік бермегені өкінішті. Біздің екі ұлымыз бар: үлкені 18, кішісі 14 жаста", –  дейді Әсел Исабекова.

Әйел өзінің қазіргі міндеті қылмыскердің лайықты жазадан құтылып кетпеуін қадағалау дейді. Кейде бұл сұмдық әрекеттің себебін түсіне алмайтынын айтқан ол, күйеуінің жазықсыз құрбан болғанын жеткізді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр