Алматы тұрғындары сусыз қалды
Алматының Медеу ауданында магистральды су құбыры зақымдалды. Жарылған құбырды "Алматы су" бригадасы қалпына келтіріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алматы су" МКК мәліметінше, Назарбаев даңғылы бойымен өтетін құбырдағы апатты қалпына келтіру жұмыстарына 8 бірлік техника мен екі бригада жұмылдырылды.
"Осыған байланысты Назарбаев даңғылының бойында Сәтбаев көшесінен Гоголь көшесіне дейін орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға су беру тоқтатылды", – деп хабарлады "Алматы су" МКК баспасөз қызметі.
Апатқа құбырдың тозуы себеп болған. Ол осыдан елу жыл бұрын пайдалануға берілген.
"Бұған дейін хабарланғандай, Алматы қаласы бойынша сумен жабдықтау желілерінің 54,2 пайызы тозған. Инженерлік желілерді қайта жаңғыртуды жеделдету мақсатында сумен жабдықтау және су бұру саласында жаңа тарифтік саясатты енгізу жоспарлануда", - деп атап өтті "Алматы су" компаниясынан.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген