Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 90 жастағы әжей үйсіз лашықта тұрып жатыр

Алматыда 90 жастағы зейнеткер үйсіз қалды. Әжей жасы келген балаларымен лашықта тұруға мәжбүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеп хабарлайды. 

әжей

Зейнеткер Владимир Лян отбасымен Алматы тауларының етегінде лашықта тұрып жатыр. Екі аптадан бері күркенің астында тұрып жатқан оның қасында 90 жастағы кәрі анасы мен мүгедек әпкесі бар. Өз пәтерінен қарыздары болғаны үшін айырылып қалған.

"Танысым үйді босатуды сұрады. Себебі риелторлар арқылы үйді сатып жіберген. Баратын туыстарымыз жоқ, сосын осында келдік. Түнде суық", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Владимир Лян. 

"Мен түнде қорқамын. Балам айналада қанша қойды жайратып тастағанын айтады. Түнде жабайы иттер келсе, мен тез тұра алмаймын. Жеп кетеме деп қорқасын. Мені жесе жесін. Артымда ұлым мен қызым қалады. Сол үшін уайымдаймын", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Надежда Цон.

Үйсіз қалған отбасы 90 жастағы Нади әжейдің зейнетақысына күн көреді. Владимир де зейнет жасында, бірақ еңбек кітапшасы жоғалуына байланысты зейнетақы рәсімдей алмайды. Азық-түлікпен жаны жомарт алматылықтар көмектеседі. Ал әкімдік тек кеңес бергеннен артық көмек көрсете алмайды.

"Владимирге зейнетақы рәсімдеуге құқықтық көмек көрсеттік. Ол 65 жаста, бірақ осы күнге дейін құжат рәсімдемеген. Біз оған қандай құжаттар қажет екені айттық", - дейді Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Роза Исламова.

Жергілікті шенеуніктер әжейді ардагерлер үйіне орналастыруға уәде берді. Бірақ отбасы мүшелері анасынан ажырағысы келмейді. Владимир бұрын сатып алынған жерге үй салу көздеп отыр. Алайда, ол қыс түскенше салып бітпейтінін айтады. 

STAN.KZ
Сенбі, 27 Маусым, 2020 13:39
Талқылау