Алматыда 17 сәуірден бастап кинотеатрлар ашылады
Алматыда Ashyq жобасы бойынша 17 сәуірден бастап кинотеатрлар жұмысын бастайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді.
Сәдуақас Байғабылов "қызыл" аймақтағы өңірлерде кинотеатрға келушілердің QR-кодын сканерлеу кассалар аумағына кіре берісте жүзеге асырылатынын айтты.
Егер Ashyq жобасы бойынша "қызыл" немесе "сары" белгідегі адам болса, сатып алынған билет қайтарылады.
"Кинотеатрларда бес жасқа дейінгі балалар QR кодын сканерлеуден босатылады, яғни олар емін-еркін кіре алады. Болашақта балалар арасында COVID-19 аурушаңдығын ескере отырып, жас мөлшерін қайта қарастырамыз", - дейді Байғабылов.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда кинотеатрлар, караоке және банкет залдарының жұмысына рұқсат берілетіні туралы жазған болатынбыз.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”