Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 12 қабатты жаңа ғимарат сүріліп жатыр

Алматыда 12 қабатты жаңа ғимарат сүріліп жатыр. Бұл шешімді сот нысанның заңсыз салынып жатқанын мойындап шығарған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме беріп.

Бұл үйдің құрылысына жақын маңда тұратын тұрғындар әуел баста-ақ қарсы болған. Енді он күннің ішінде бұл құрылыс толықтай бұзылады. Тұрғындардың шағымы қала құрылысын бақылау бөліміне былтыр түскен. Адамдар жеке секторда аяқ асты 12 қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталғанын бастапқыда түсінбей қалған.

“Шағымдардың негізінде басқармада жоспарсыз тексеріс басталды, соның нәтижесінде бұл құрылыс архитектуралық жоспарлық тапсырыссыз басталғаны, жобаның эскизін келісу, жоспарлы сметалы құжаттарсыз басталғаны анықталды”, – деді қала құрылысын бақылау бөлімінің жетекшісі Медет Рабаев.

Басқарма әкімшілік айыппұл салған.


"Сұмдық иістен ауырып жатқандар бар": Шарап зауыты Алматы облысы тұрғындарын улап жатыр 


Құрылыс компаниясына ұйғарым беріліп, бұзушылықтарды реттеуге уақыт берген.

“Алматыдағы Әділет министрлігінің департаментіне  мамандандырылған ауданаралық сотына 2021 жылдың 9 желтоқсанында Наурызбай ауданындағы жаңа құрылысты бұзу туралы шешімі түсті”, – Әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушысы Ардақ Әділхан.

Жыл соңына дейін Алматыда тағы он ғимаратты бұзу жоспарлануда. 

Талқылау